Хоккейден әлем чемпионатының алдында Қазақстан құрамасында өзгерістер болды

©"Торпедо" ХК

Хоккейден әлем чемпионаты алдында Қазақстан құрамсына Өскемендік "Торпедо" командасының үш ойыншысы қосылады, деп жазады Shaiba.kz порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, Нұр-Сұлтанда 17 сәуір күні басталатын жаттығу жиындарына Дмитрий Гренц пен Александ Шин секілді шабуылшылар мен қорғаушы Дмитрий Громов қосылады. 

Бұл хоккейшілерден бөлек Қазақстан құрамасына Финляндияның екінші лигасында "РоКи" командасының қорғаудағы шабуылшысы Батырлан Мұратов та шақырту алды. 

Еске салайық, осыған дейін әлем чемпионатына дайындық барысында Қазақстан құрамасы Латвиямен екі кездесу өткізетіні белгілі болды. Екі ойын да Ригада өтеді. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Финляндиядағы әлем біріншілігінде А тобында өнер көрсетеді. Біздің құраманың қарсыластары Словакия, Дания, Италия және Франция. Ал әлем біріншілігі 13 және 29 мамыр аралығы өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport