Хоккей
Бүгін 10:17

Хоккейден ӘЧ-нің финалы үшін таласатын барлық команда белгілі

©instagram.com/iihfmen

Швейцарияда өтіп жатқан хоккейден 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан барлық командалар белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Финляндия мен Канада құрамаларына жартылай финалда Швейцария және Норвегия командалары қосылды.

Бұған дейін финдер Чехияны 4:1 есебімен ұтса, канадалықтар АҚШ құрамасын 4:0 есебімен ойсыратты. 

Швейцария Швецияны тоқтатты

Швейцария құрамасы ширек финалда Швецияны 3:1 есебімен жеңді. Алғаш болып шведтер есеп ашты. Жетінші минутта Линус Карлссон шайба соқты.

Алайда турнир қожайындары Роман Йоси (14-минут), Денис Мальгин (33) және Кэлвин Туркауфтың (37) голдарының арқасында камбэк жасады.

Норвегия сенсация жасады

Тағы бір ширек финалда Норвегия құрамасы Латвияны 2:0 есебімен ұтты.

28-минутта Тинус Люк Коблар есеп ашса, 60-минутта Ноа Стин матчтың нүктесін қойды.

Жартылай финал жұптары

30 мамыр күні өтетін жартылай финалдық кездесулер:

Швейцария — Норвегия
Канада — Финляндия

31 мамырда үшінші орын үшін матч пен финал ұйымдастырылады.

Айта кетейік, хоккейден әлем чемпионаты 15–31 мамыр аралығында Цюрих пен Фрибур қалаларында өтіп жатыр.

Ал АҚШ құрамасы — қазіргі әлем чемпионы әрі Олимпиада-2026 жеңімпазы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport