Хоккей
17 сәуір 2025 09:14
 

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны ойысарата ұтты

  Пікірлер

blog.share

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны ойысарата ұтты ©ҚХФ

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы IB дивизионы бойынша әлем чемпионатының соңғы матчында Қазақстан құрамасы Словениямен кездесті.

blog.share

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы IB дивизионы бойынша әлем чемпионатының соңғы матчында Қазақстан құрамасы Словениямен кездесті.

Бірінші кезең 1:0 есебімен біздің қыздардың пайдасына аяқталды. Екінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер словениялықтардың қақпасына алты шайба соқты.

Үшінші кезеңде қарсыластар бір-бірден гол алмасты, алайда кездесудің соңында қазақстандық хоккейшілер есепті 1:9-ға жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы IB дивизионындағы орнын сақтап қалды. Чемпионат Ұлыбританияның Дамфрис қаласында өтті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!