Хоккейден ӘЧ-дегі Қазақстан - Словакия матчіне трансляция

©ҚХФ

Бүгін, 19 мамырда хоккейден Қазақстан құрамасы Тампере (Финляндия) және Ригада (Латвия) өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Словакиямен ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч Астана уақытымен 23:20-де басталады. Кездесуді Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. 

В тобында словакиялықтар 4 ұпаймен бесінші келеді, ал қазақстандықтар 2 баллмен жетінші - соңғыдан бір орын алда тұр. 

Турнир басында Ғалым Мамбеталиев жаттықтыратын команда Норвегияны ұтып (4:3), одан кейін Чехия (1:5), Швейцария (0:5) және Канададан (1:5) ұтылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport