Хоккейден ӘЧ-2022. Топтағы соңғы ойынға тікелей трансляция

©"Барыс" ХК

Бүгін, 23 мамыр күні Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында топтағы ең соңғы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жерлестеріміз А тобындағы соңғы матчта Италия хоккейшілерімен кездеседі. Жеңіске жеткен құрама жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалады. Италиялықтарда бір ұпай болса, Юрий Михайлис командасы әзірге ұпайсыз.

Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Еске салайық, осыған дейін Финляндиядағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Данияға (1:9), Францияға (1:2), Швейцарияға (2:3), Канадаға (3:6), Словакияға (3:4) және Германияға (4:5) есебімен ұтылған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport