Хоккейден ӘЧ-2022. Қазақстандық хокейшілер Канаданы ұтып тұрып есе жіберді

©ҚХФ

Хоккейден Қазақстан құрамасы Финляндияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Канада командасына ірі есеппен ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

А тобындағы матч 6:3 есебімен үйеңкі жапырақ елінің өкілдерінің пайдасына аяқталды.

Дейтұрғанымен Юрий Михайлис ойыншылары кездесу барысында екі рет есепте алда тұрғанын айта кеткен жөн. Матчтың екінші минутында Егор Петухов шайба соқса, араға екі минут салып канадалықтар таразы басын теңестіріп кетті.

12 минутта Аркадий Шестаков Қазақстан құрамасын тағы да есепте алға шығарды. Алайда небәрі екі минуттан кейін Канада командасы есепті қайта теңестірді.

Бірінші кезеңнің аяқталуына үш минут қалғанда солтүстік америкалық ұжым камбэк жасады.

Екінші айналымда Канада хоккейшілері тағы да көзге түсті. 47-минутта Кирилл Савицкий есеп айырмасын қысқарта алғанымен, қарсыластар соңғы кезеңде екі рет ерекшеленді.

Осылайша, Канада құрамасы төрт ойыннан кейін 12 ұпаймен турнир кестесінің көш басына шықты. Михайлис шәкірттері болса әлі ұпай алмады.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: