Спорт | Қызықтылар | Vesti.kz |
Жарнама
Хоккейден Қазақстан құрамасы Финляндиядағы әлем чемпионатында екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Юрий Михайлис ойыншылары бұл жолы мұз айдынында Франция командасымен өзара мықтыны анықтады. Матчтың 5-минутында Валерий Орехов есеп ашса, 32-минутта Александр Тексье таразы басын теңестіріп кетті. Ал екінші кезеңнің аяқталуына 25 секунд қалғанда Флориан Шакиашвили француз құрамасын есепте алға шығарды. Қорытынды есеп 2:1.
Осылайша, жерлестеріміз А тобында қатарынан екінші рет жеңілістің кермек дәмін татып отыр.
Еске салайық, қазақстандық хоккейшілер алғашқы ойында дат ойыншыларына 1:9 есебімен ұтылса, француздар Словакия командасына 2:4 нәтижесімен есе жіберді.
Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар
@vestisport @vestikzsportVesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама