Хоккейден Қазақстан құрамасы Финляндиядағы әлем чемпионатында Италия командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
А тобындағы соңғы матчта Юрий Михайлис шәкірттері 5:2 есебін тіркеді. Осының нәтижесінде жерлестеріміз үш ұпай еншілеп, Италия хоккейшілерін соңғы орынға ығыстырды.
12 минутта Кертис Волк есеп ашса, артынша Валерий Орехов (16), Әлихан Әсетов (25), Роман Старченко (44) және Никита Михайлис (47) көзге түсті.
Екінші кезеңнің соңына қарай Михаил Рахмановты жарақаттаған Дилан Ди Перна төрешілер тарапынан (5-10) жазаланды.
Ойынның аяқталуына үш минут қалғанда қарсыластар қақпашының орнына шабуылшыны шығарғанымен, таразы басын теңестіруге уақыт жетпеді.