Хоккейден ӘЧ-2022. Қазақстан құрамасы дат командасына ойсырай ұтылды

©iihf

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын өтккізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Финляндиядағы турнирде Юрий Михайлистің командасы Дания құрамасымен кездесті. Өкінішке қарай, скандинавиялық хоккейшілер 9:1 есебімен жеңіске жетті.

Дат құрамасының сапында Патрик Бьёркстранд, Фелиск Шель, Йофхим Блихфельд (хет-трик), Фредерик Сторм, Юлиан Якобсен, Оливер Ларсен, Петер Региндер гол соқса, Қазақстан құрамасының сапынан Кирилл Савицкий көзге түсті.

Еліміздің басты командасы А тобында Дания командасынан бөлек, Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Франция және Италия хоккейшілерімен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: