Хоккейден ӘЧ-2022. Жартылай финалға шыққан алғашқы құрама белгілі

©championat

Хоккейден әлем чемпионатында Чехия құрамасы жартылай финалға берілетін жолдаманы Германия командасымен сарапқа салып жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

1/4 финалы аясындағы Хельсинкидегі ойын 4:1 есебімен чехтердің пайдасына аяқталды. Чех командасының сапында Давид Пастрняк, Роман Червенка, Давид Крейчи және Иржи Шмейкал гол салды.

Немістер тарапынан Мориц Зайдер ғана көзге түсті.

Еске салайық, басқа ширек финалдарда Швеция мен Канада, Финляндия мен Словакия, Швейцария мен АҚШ құрамалары кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: