"Хоккейді зиратта жүріп үйрендім". Қытайлық команданы түгелдей сабаған қазақ хоккейші

©hcbarys.kz

"Барыс" хоккей клубының бұрынғы ойыншысы, ҚХЛ-дегі ең атақты тафгайлардың бірі болған Дамир Рыспаев карьерасы, қытайлық командамен төбелес және қазір немен айналысып жүргенін айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz

Карьерасы туралы

- Хоккейді қойдым, қазір кәсіпкерлікпен айналысып жүрмін деуге болады. Карантин кезі. Өскеменге бардым, отбасымызда жерлеумен де қоса айналысатын. Мен бекер отырғым келген жоқ, отбасыма көмектесейін дедім. Хоккейге де шақырды, бірақ жетеді тойдым. 

Хоккейге қалай келдім? Атам алып келді. Жазда мен ролик тебетінмін, моланың жанындағы асфальт жақсы болатын, сол жерде қосымша жұмыс істеймін, жаттығамын, үйренемін. Шынымен сол жерде ойнап үйрендім. Неге Өскеменнен хоккейшілер көп? Ол жерде зауыт, хоккей және шарасыздық қана бар (күледі). Ал жалпы жақсы қала, табиғаты тамаша. 

Мұзайдындағы төбелес жайлы

- Жекпе-жек түрлерімен айналыстым ба? Хоккейде басқаша төбелес қой. Бірақ мен боксшыларды мұзайдынға ертіп келіп, техниканы бейімдеп беруді сұрайтынмын. 

Төбелесуге ең қиын қарсыластың бірі - Александр Свитов. Бойы тым ұзын, ірі. 

Төбелес қалай басталатын? Әдетте ешкімді боқтамайтынмын, бәрі мені түсінетін. Бұған отбасым қалай қарайды? Теледидарды қоспаңыздар деймін, анама солай айтатынмын. 

"Куньлунь" командасымен төбелес және шеттелу жайлы

- Маусым алдындағы турнир. Жәй ғана жолдастық кездесу, олар болса біздің екі ойыншыны жарақаттап тастады, Дастин Бойд та бар, ол 6-7 ай ойнай алмай қалды. Шынын айтқанда маусым алдында жақсы хоккейшілерден айырды. Мен ол матчте болған жоқпын, келесіге қатыстым, маған айтты: "Ал бәрінің сазайын беру керек" деді. 

Одан кейін қызық болды, үйде отырмын, жаңалықтарды қоссам, мені мерзімсіз уақытқа шеттепті. Екі күннен кейін жаттығу, ал маған жаттығуға да болмайды дейді. Адамдардың басынан клюшкамен ұрғаны үшін алты матчке шеттеген, ал менен кейін бәрі сап-сау. Мұндайды көрген емеспін енді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport