Хоккей
10 маусым 2018 14:38
 
Головкиннің ұлы мен Стэни кубогы. Боксшы хоккей жұлдыздарын жеке құттықтады

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің ұлы мен Стэни кубогы. Боксшы хоккей жұлдыздарын жеке құттықтады Сурет Геннадий Головкиннің Instagram желісіндегі ресми парақшасынан

Орта салмақта WBC, WBA, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин ресейлік  "Вашингтон Кэпиталз" командасының жұлдыздарымен кездесті. Боксшы ұлттық хоккей лигасының биылғы триумфаторларымен түскен суретті жариялап, оларды құттықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Головкин Instagram желісінде жариялаған суретте Александр Овечкин, Евгений Кузнецов және Дмитрий Орлов бар. Сонымен бірге, бұл суреттен боксшының ұлы - Вадимді де көруге болады.

"Жеңіспен құттықтаймын, бауырлар! Тамаша маусым!", - деп жазыпты ол.

GGG ұлымен бірге "Вашингтон" командасы "Вегас Голден Найтсты" жеңген серияның ақтық кездесуін де тамашалаған. Осы кезде Головкин Овечкинмен және Стэнли кубогымен суретке түскен.

Еске салайық, 8 маусымда "Вашингтон Кэпиталз" және "Вегас Голден Найтс" арасындағы бесінші матч қонақтардың жеңісімен аяқталған болатын (есеп 4:3). Осылайша, "Вашингтон" 4-1 сериясын ұтып, Стэнли кубогын алғаш иемденіп отыр.

Жарнама

Живи спортом!