1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Хоккей
18 қазан 19:50
 

Головкин келген ойында "Барыс" жеңіске жете алмады

  Пікірлер

blog.share

Головкин келген ойында "Барыс" жеңіске жете алмады ©"Барыс" ХК

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" Астанада "Ақ Барысқа" есе жіберді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" Астанада "Ақ Барысқа" есе жіберді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Астанадағы «Барыс Аренада» өтті. Ойын басталар алдында символдық шайба тастауды әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жүзеге асырды.

Матч өте тартысты өтті. Бірінші кезеңде қонақтар екі шайба соқты: 9-минутта Григорий Динисенко, 16-минутта Михаил Фисенко көзге түсті.

Бұған «Барыс» 17-минутта Всеволод Логвин соққан шайбамен жауап берді. Екінші кезеңде есеп өзгеріссіз қалды.

Үшінші кезеңде астаналықтар камбэк жасап, 44-минутта Кирилл Панюков қонақтар қақпасына екінші шайбаны енгізді.

Овертаймда есеп өзгермеді, ал буллиттер сериясында «Ак Барс» мықтырақ болды.

Келесі матчта «Барыс» өз айдынында «Амурды» қабылдайды. Кездесу 24 қазан күні өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!