Германиялық "Адлер Мангейм" хоккей клубының менеджері Ян-Аксель Алаваара Қазақстан құрамасының шабуылшысы Найджел Доустың командаға қосылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Хоккейшімен келісімшарт екі жылға жасалды.
"Найджел Доус сияқты ойыншыны көндіру оңай шаруа емес. Бізді таңдағанына қуаныштымыз. Доус - нағыз кәсіпқой. Жалдыр бойы ол өзін бабында ұстап келеді.
Оның өз ісіне деген ынтасы, гол салатын уақытты сезуі, командаластарына құрметі, ойынды түсінуі - бізге көмектесе алатын ойыншы ететіні сөзсіз", - делінген клубтың ресми сайтында.
Еске салайық, Доус астаналық "Барыста" 2011-2018 жылдары ойнаған.
Ригадағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының ойыншысы ұлттық командаға көмектеспей Дубайда демалғанын айта кетейік.