Гагарин кубогының жеңімпазы "Барыс" сапына ауысуға жақын

Иржи Секач. Сурет ЦСКА клубының сайтынан алынды.
Мәскеулік ЦСКА хоккей клубы чехиялық шабуылшы Иржи Секач командаға қажет емес ойыншылардың тізіміне қосты, деп хабарлайды ҚХЛ Twitter парақшасы. 

Құрлықтық хоккей лигасының ережесі бойынша, енді 48 сағаттың ішінде ҚХЛ-да ойнайтын кез-келген команда қатарына қоса алады. 

Бұған дейін ЦСКА клубының басшылары шабуылшыны "Барыстың" немесе минскілік "Динамо" клубының бір ойыншысымен алмастырып алуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді. 

2018 жылы "Ақ Барс" сапында Гагарин кубогының жеңімпазы атанған Секач ЦСКА қатарына 2019/20 жылғы маусымның алдында қосылған. Мәскеулік клуб сапында ол 45 кездесуге қатысып, 25 ұпай жинаған. Шабуылшының  ЦСКА клубымен 2020/21 маусымның соңына дейін келісімшарты бар.

Өткен маусымда чехиялық хоккейшінің жалақысы 100 миллион рубль болған еді. Ол мәскеулік клуб сапында ең жоғары жалақы алатын ойыншылардың бірі. Ал биылдан бастап жаңа келісімшарт бойынша оның жалақысы 60 миллион рубль болуы керек. 




Метки: