Гагарин кубогінің иегері өзбекстандық клубқа өтеді

©"Хумо" ХК

Келесі маусымда ресейлік шабуылшы Михаил Анисин "Хумо" командасында ойнайтын болады. 34 жастағы хоккейші 2019-2020 жылғы маусымда ташкенттік клубтың намысын қорғаған, деп хабарлайды AllHockey.ru.

Анисин 2012 жылы мәскеулік "Динамомен" Гагарин кубогін жеңіп алған. Сондай-ақ плей-оффта 16 гол салып, үздік сұрмерген атанған. Хоккейші ҚХЛ жұлдыздары матчіне де қатысқан. 

"Хумо" қатысатын тұрақты чемпионат 5 қыркүйекте басталып, 2023 жылдың ақпапына дейін жалғасады. Ал плей-офф матчтерінің сериясы 27 сәуірде өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: