Эрик Тангрэйди "Барыспен" қош айтысты

1 желтоқсан 2019 14:16
Эрик Тангрэйди © "Барыс" ХК
"Барыс" хоккей клубы сайтында команда шабуылшысы Эрик Тангрэйдимен келісімшарт бұзылғаны туралы ресми түрде мәлімдеді. 
Клуб пен хоккейшi келісімшартты екіжақты шешім бойынша бұзған. 
Бұған дейін Тангрэйди драфтқа қойылған. 
Айта кетейік, шабуылшы "Барысқа" биылғы кезеңнің басында келген. Оның есебінде 22 ойын бойынша 9 (5+4) ұпай бар.