Егор Петухов бүгін мұз айдынына шықпайды

©сурет: shaiba.kz

Бүгін хоккейден "Барыс" пен Беларусь құрамалары жолдастық кездесу өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Ал елордалық команданың ойыншысы Егор Петухов аталмыш матчта мұз айдынына шықпайды.

Елордалық клубтың баспасөз қызметі спортшының бірінші кездесуде жарақат алғанын мәлімдеп отыр. Еске салайық, "Барыс" пен Беларусь арасындағы алғашқы матчта 2:1 есебімен еуропалық құрама жеңіске жеткен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: