"Диц - менің патшам!". Канадалық хоккейшімен көңіл қосқан қазақ қызы

©instagram.com/caratesoro

"Барыс" капитаны Даррен Дицтің сүйіктісі Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы басталғанын асыға күтіп жүр. Іңкәр атты ағылшын тілінің мұғалімі команданың басты жанкүйері, толығырақ Vesti.kz материалында. 

Іңкәр Нұр-Сұлтанда тұрады. Филолог мамандығын меңгерген, шетелдіктерді орыс тіліне үйретеді екен. Бұл жұп Дицтің орыс тілін меңгермек болғанда танысқанға ұқсайды.  

Іңкәр классикалық музыка тыңдауды, балет тамашалау мен саяхаттағанды ұнатады. Іңкәрдің Instagram желісіне жазылушылар саны 1700 адам екеніне қарап қарапайым қыз деген ой келеді, өйткені оның сүйіктісі Дицтің аудиториясы әлдеқайда үлкен - 10 000.

Іңкәр сүйіктісін "Патшам" деп атап, Дицтің барлық матчін тамашалайды екен. Ол өзінің Instagram желісінде барлығын ҚХЛ-дегі алғашқы матчте "Барысты" қолдауға шақырыпты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: