Бұрын-соңды болмаған. Әлем чемпионатында топ көшбасшысын ұтқан Қазақстан құрамасы тарихын қайта жазды

Сурет: ҚХФ

Хоккейден Қазақстан құрамасы Германияны ұтып, 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталы дивизионындағы үшінші ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында Юрий Михайлис жаттықтыратын команда булит соғу бойынша Латвия (3:2) мен Финляндияны (2:1) ұтқан. Бұл Қазақстан командасының элиталы дивизионындағы бір жарыста алғаш рет үш жеңіске жетуі. Бұрын-соңды тарихта мұндай болмаған. 

Осы жеңіс арқасында Қазақстан жеті ұпаймен топта төртінші орынға көтерілді де, плей-офф кезеңге ілінді. Германия 9 ұпаймен топта бірінші орында. 

28 мамырда өтетін келесі матчте Қазақстан құрамасы Канадаға қарсы ойнайды.

Метки: