Хоккей
Бүгін 13:18
 

Бүгін ҚХЛ-де "Барыс" - "Адмирал" матчі өтеді

  Пікірлер

blog.share

Бүгін ҚХЛ-де "Барыс" - "Адмирал" матчі өтеді ©"Барыс" ХК

Бүгін, 12 қарашада елордалық "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы матчта өз айдынында владивостоктық "Адмиралды" қабылдайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 12 қарашада елордалық "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы матчта өз айдынында владивостоктық "Адмиралды" қабылдайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Астанадағы "Барыс Аренада" өтеді және сағат 19:30-да басталады. Матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан және телеарнаның ресми сайтынан көруге болады. Трансляция сағат 19:20-да басталады.

Осы маусымда астаналық клуб "Адмиралмен" бұған дейін екі рет кездескен. Екі ойын да Владивостокта өтіп, алаң иелерінің 5:4 есебімен жеңісімен аяқталды. Алғашқы матчта ресейлік клуб овертаймда жеңіске жетсе, екінші кездесуде негізгі уақытта басым түсті.

"Барыс" 24 ойында 25 ұпай жинап, Шығыс конференциясында сегізінші орында тұр. Ал "Адмирал" 23 матчтан кейін 25 ұпайға ие болып, Шығыста оныншы сатыда орналасқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!