Бүгін "Барыстың" ҚХЛ дивизонындағы бірінші орын үшін ойыны өтеді

© "Барыс" ХК
Бүгін, 9 қазанда қазақстандық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында қарсылас мұзайдыныдағы кезекті матчін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Андрей Скабелка жаттықтыратын команда уфалық "Салават Юлаев" хоккей клубымен ойнайды. Ойынның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 20:00. Матчті QazSport арнасынан тікелей тамашалай аласыз.

13 матч қорытындысы бойынша "Барыс" 18 ұпаймен Чернышев дивизионында екінші келеді, астаналық команда мен көшбасшы болып тұрған "Авангардтан" бір ұпай ғана бөліп тұр (14 матчте). "Салават Юлаев" үшінші - 14 ойында 17 балл.