Бүгін, 12 ақпанда елордалық "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында өз айдынында петерборлық СКА командасын қабылдайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Астанадағы "Барыс Аренада" өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады. Ойынды Qazsport телеарнасының ресми сайтынан тікелей эфирде көруге болады.
55 матчтан кейін "Барыс" 42 ұпай жинап, Шығыс конференциясында оныншы, яғни соңғының алдындағы орында тұр. Ал СКА Батыс конференциясында сегізінші сатыда келеді.
4 ақпанда өткен алдыңғы кездесуде "Барыс" сырт алаңда "Адмиралды" 4:1 есебімен жеңіп, алты матчқа созылған жеңіліс сериясын тоқтатқан еді.
Санкт-Петербург клубы 53 ойында 60 ұпай еншілеген.