Хоккей
22 қаңтар 11:55

Бүгін "Барыс" ҚХЛ-де Мәскеулік ЦСКА-мен ойнайды

©"Барыс" ХК

Бүгін, 22 қаңтарда елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) тұрақты чемпионатындағы кезекті ойынын өткізеді. Қазақстандық клубтың қарсыласы мәскеулік ЦСКА болады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Мәскеу қаласында өтеді және Астана уақытымен 21:30-да басталады. Ойынның тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді, сондай-ақ эфирді арнаның ресми сайтынан көруге болады.

Айта кетейік, командалар 17 қаңтарда Астанада жолығып, сол кездесуде «Барыс» 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ал бұл матчтың алдында елордалықтар сырт айдындаТольяттидің «Ладасынан» ұтылды.

Қазіргі таңда «Барыстың» шабуылшысы Кирилл Савицкий ауруханада жатыр.

Турнирлік кестеге көз жүгіртсек, ЦСКА 54 ұпаймен Батыс конференциясында алтыншы орында, ал «Барыс» 39 ұпаймен Шығыс конференциясында оныншы, яғни соңғыдан бір саты жоғары орналасқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport