Бүгін, 25 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) тұрақты чемпионаты аясында қазақстандық "Барыс" елордадағы мұз айдынында екатеринбургтік "Автомобилистті" қабылдайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Астанадағы "Барыс Аренада" өтеді және Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады. Ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді. Сондай-ақ, трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.
Ағымдағы маусымда командалар екі рет кездесіп, екі матчі де "Барыстың" пайдасына аяқталды - 3:2 және 4:1.
Бұл ойынға "Барыс" екі матчіден тұратын жеңіліс сериясымен келіп отыр. Команда 39 ойында 34 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде сегізінші орында тұр.
Ал соңғы үш матчіде қатарынан жеңіске жеткен "Автомобилист" 38 ойыннан кейін 45 ұпаймен Шығыс конференциясында төртінші орынға жайғасқан.
Жарнама