Блэкер мен Волк КХЛ-дің өзге клубына ауысуы мүмкін

Джесси Блэкер. Фото: ХК "Барыс"©

Қорғаушы Джесси Блэкер мен шабуылшы Кертис Волк қазақстандық "Барыс" сапынан кетіп, мансаптарын КХЛ-дің басқа клубында жалғасытыруы мүмкін, деп хабарлайды Metaratings.ru.

Дереккөз берген ақпарат бойынша, қазақстан құрамасында өнер көрсетіп жүрген ойыншыларға "Автомобилист" клубы қызығушылық танытып отыр.  

Екатеринбургтық клубтың жаңа алғашқы жаңа ойыншылары минсктік "Динамоның" бұрынғы шабуылшылары Райан Спунер мен Шэйн Принс болмақ. Олар "Автомобилист" қатарынан кетіп жатқан Дэн Сэкстон мен Питер Холландтың орнына келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Волк пен Блэкер "Барыс" сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. 

КХЛ чемпионаты нәтижесі бойынша "Барыс" Шығыс конференциясында "Автомобилисттен" бір ұпайға алға шығып, алтыншы орынға тұрақтаған болатын. Плей-офф кезеңінде екі команда да бірінші айналымда жарыстан шығып кетті. 

Метки: