41 жастағы канадалық шабуылшы Джереми Яблонски спорттық карьерасын қайта бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Яблонски кезінде ҚХЛ-де "Витязь" командасының тафгайы болған. Араға 6 жыл салып канадалық хоккейші мұз айдынына қайта оралып отыр. Ол мұхиттың ар жағында Шығыс жағалауы лигасында (ECHL) ойнайтын "Айдахо Стилхедс" клубының намысын қорғамақ.
2011/2012 жылғы маусымда Яблонски "Витязь" сапында 16 матчта айдынға шығып, 174 минут айып минутын алған еді.