Белгілі әзілкеш "Барыстың" ресейлік командамен матчін өзгеше құлақтандырды

Видеодан алынған кадр

Бүгін, 19 қарашада қазақстандық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында омбылық "Авангардтпен" өз мұзайдынында ойнады. 

Бұл матч алдында астанаық клуб белгілі қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровтың Mortal Kombat стиліндегі видеоқұлақтандыруын жариялады. 

"Барыс" - "Авангард" матчі Қазақстан астанасының уақытымен 19:30-да басталады. Qazsport арнасы кездесуді тікелей көрсетеді.