Беларусь құрамасына қарсы өтетін кездесудің алдында Қазақстан құрамасына Дамир Рыспаев қосылды
Дамир Рыспаев. Сурет "Барыстың" ресми сайтынан алынды
"Торпедо" клубының қорғаушысы Дамир Рыспаев Қазақстан құрамасы сапына қосылып, Беларусьқа қарсы өтетін жолдастық кездесуге қатысады, деп хабарлайды "Шайба.kz" порталы.
Ойын 15 және 16 желтоқсан күндері Молодечино және Минск қалаларында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 22:00-де және 21,30-да басталады.
22 жастағы қорғаушы Рыспаев биыл Қазақстан біріншілігінде "Номад" сапында бес кездесуге қатысып, бір нәтижелі пас берді. Ал "Торпедо" сапында ол жеті кездесу өткізіп, бір шайба соғып, төрт минутқа айыпталды.
2016 жылдың тамыз айында "Куньлун" командасының ойыншыларымен төбелескеніне байланысты тағылған жаза үшін Рыспаев биыл "Барыс" сапында өнер көрсете алмай жүр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы Украимен екі рет жолдастық кездесу өткізіп, жеңіске жетті (5:1, 3:0).
Бұл ойындарды Қазақстан құрамасы 12 және 18 ақпан күндері Польша жерінде өтетін ЕвроЧеллендждің алдында жаттығу үшін өткізіп жатыр. Алдағы бәсекеде айдын қожайындарынан бөлек Италия, Венгрия және Қазақстан құрамасы қатысады.
Біздің құрама үшін келер жылғы басты дода - бірінші дивизиондағы әлем чемпионаты болмақ. Онда элиталық дивизионға Венгрия, Словения, Ұлыбритания, Польша, Италия және Қазақстан құрамалары таласады.

Жарнама