"Ресейлік Жастар хоккей лигасында өнер көрсететін "Динамо" (Санкт-Петербург) клубының қорғаушысы Тимур Файзутдинов аурханада жансақтау бөлімінде қайтыс болды", - деп хабарлайды лиганың ресми сайты.
19 жастағы cпортшының өмірі үшін дәрігерлер үш күн күрескен. Ол Харламов Кубогының 1/8 финалдық ойындарында "Локо" командасына қарсы ойында жарақат алған.
Шайба Файзутдиновтың басына орта шептегі соққыдан келіп тиген. Ол ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Алайда хоккейшінің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болмады.
Алда өтетін КХЛ және ЖХЛ матчтары енді ойын алдында Файзутдиновты еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздікпен басталатын болады.
Vesti.kz редакциясы Тимур Файзутдиновтың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.