Беларусь маманы Андрей Скабелка "Барыс" командасының бас бапкері болуы мүмкін. Бұл туралы "Спорт Экспресс" басылымы хабарлады.
"Беларусь маманы жуық арада қазақстандық команданың бас бапкері атанып, Юрий Михайлистің орнына келетін шығар", - деп жазады дереккөз.
Айта кетейік, Скабелко осыған дейін де "Барысты" жаттықтырған. Ол елордалық команда сапында 2018-2020 жылдары жұмыс істеді. Оның соңғы командасы "Локомотив" болған еді.
Ал Михайлис болса "Барыстың" тізгінін 2020 жылы ұстаған еді. Сонымен қатар, ол Қазақстан құрамасының да бас бапкері.