"Барыстың" Шығыс конференциясындағы бәсекелесімен матчіне тікелей көрсетілім

©"Барыс" ХК

Бүгін, 13 қазанда "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында өз айдынында "Адмиралмен" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Барыс Аренадағы" ойын 19:30-да басталады. 

Матчті Qazsport тікелей көрсетеді. Онлайн-трансляцияны мына сілтеме арқылы тамашалай аласыз.

Мұның алдындағы кездесуде "Барыс" өз айдынында "Куньлуньнен" оңбай ұтылды - 0:5.

Астаналық клуб 17 матчте 17 ұпай жинап, Шығыс конференциясында алтыншы келеді. Ал "Адмирал" 16 баллмен "Шығыста" жетінші.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport