"Барыстың" швециялық шабуылшысы қанша айлық алатыны айтылды

Сурет: Sport.Ru
"Барыстың" жаңа ойыншысы Якоб Лилья бір жылға қанша айлық алатыны белгілі болды. Ресейлік "Бизнес Online" басылымының мәліметінше, Швеция құрамасы шабуылшысының бір маусымдық еңбекақысы 352 мың доллар, яғни, 142 миллион 648 мың тегге.

Лилья "Барыс" сапына 24 маусымда қосылды. 26 жастағы форвардпен келісімшарт бір жылға есептелген.

Өткен маусымда Лилья ҰХЛ-дегі 37 матчте "Коламбус" үшін бес (2+3) ұпай жинады. Сонымен қоса, швециялық "Юргорденге" чемпионаттың күмісін ұтуға көмектесіп, команданың үздік бомбардирі болды - 60 ойында 45 (15+30) балл. 

"Барысқа" өткен соң Лилья келісімшарт ақшасына риза екенін мәлімдеді.