Хоккей
30 қазан 2017 16:03
 
"Барыстың" шабуылшысы Мэттью Фрэттин ҚХЛ-да аптаның үздік ойыншысы атанды

  Пікірлер

blog.share

"Барыстың" шабуылшысы Мэттью Фрэттин ҚХЛ-да аптаның үздік ойыншысы атанды Сурет "Барыс" клубының ресми сайтынан алынды

Елордалық "Барыс" хоккей клубының шабуылшысы Мэттью Фрэттин Құрлықтық хоккей лигасынының (ҚХЛ) осы аптадағы үздік ойыншысы атанды. Бұл туралы ҚХЛ-дың ресми сайты хабарлап отыр. 

Фрэттин өткен аптадағы үш ойында төрт шайба соғып, шабуылшылар арасындағы үздік көрсеткішті тіркеді. 

Ал мәскеулік "Спартак" клубының қақпашысы Никита Беспалов пен "Витязь" клубының қорғаушысы Войтех Мозик өз позицияларында аптаның үздік ойыншылары атанды. 

Беспалов өз командасымен соңғы екі ойында қақпасына бірде-бір шайба кіргізбей, екі рет жеңіске жетті. Осылайша ол қақпасын 174 минут 26 секунд "құрғақ" сақтап келеді. Мозик болса үш ойында екі шайба соғып, үш нәтижелі пас берді. 

Жарнама

Живи спортом!