"Барыстың" Ресейдегі ойынына тікелей трансляция

©"Барыс" ХК

Бүгін, 24 тамызда "Барыс" Ресейде маусым алдындағы "Челябинск облысы Губернаторы Кубогінде" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Елордалық команданың қарсыласы Екатеринбург қаласының намысын қорғайтын "Автомобилист". Ойын Нұр-Cұлтан уақытымен 16:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде KHL және KHL Prime көрсетеді. Сондай-ақ, матчті мына сілтеме арқылы көруге болады.

Айта кетейік, командалар өткен аптада Нұр-Cұлтанда ойнады. Ресейлік клуб овертаймда 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport