"Барыстың" Президент кубогіндегі бірінші матчіне тікелей трансляция

Cурет: "Барыс" ХК©

Бүгін, 11 тамызда Қазақстан Республикасы президенті кубогының хоккейден 11-ші халықаралық турнирі басталады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын күні өскемендік "Торпедо" мен қытайлық "Куньлунь Ред Стар" кездесуінен басталады. Матч 15:00-ге белгіленген.

19:30-да "Барыс" - "Сарыарқа" матчі басталады.

Бұл ойындарды Qazsport және Barys TV YouTube арансынан тамашалауға болады. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Айта кетейік, ойындар көреременсіз өтеді.

Еске салайық, "Торпедо" мен "Сарыарқа" ригалық "Динамоны" алмастырды, латвиялық команда бұл жарысқа қатысудан бас тартты. Осыған байланысты турнир форматы өзгерді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: