"Барыстың" Президент Кубогінде болған төбелестің видеосы шықты

©Видеодан кадр

"Барыс" клубының Президент Кубогі аясындағы матчында қорғаушы Владислав Семиннің төбелескен видеосы шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ресейлік хоккейші елордалықтар сапындағы дебютті кездесуінде тәртіп бұзды. Нәтижесінде "Автомобилист" ойыншысы Егор Баранов төбелес шығарды.

Соның салдарынан "Барыс" ойыншысы төбелескені үшін бес минутқа ғана емес, қарсыласының басынан ұрғаны үшін матч соңына дейін мұз айдынынан қуылды. Ал шиеленісті өткен матчта "Автомобилист" овертаймда (3:4 ОТ) ұтылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport