"Барыстың өз мұзайдынындағы соңғы матчіне тікелей трансляция

© "Барыс" ХК
Бүгін, 21 ақпан астаналық "Барыс"  өз мұзайдынында уфалық "Салават Юлаевті" қабылдайды. Бұл кездесу астаналық команда үшін Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында өз мұзайдынындағы соңғы матч, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойынның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 19:30. Ойынды QazSport арнасынан тікелей тамашалауға болады. Интернетте матчті мына сілтеме арқылы өтіп көре аласыз.

"Барыс" 80 ұпаймен Шығыс конференциясында үшінші келеді. Ал "Салават Юлаев" 66 баллмен "Шығыста" алтыншы. Екі команда да ҚХЛ плей-офф кезеңіне шықты.