"Барыстың" өз айдынындағы бірінші ойынына тікелей трансляция

13 қыркүйек 2022 09:32
©"Барыс" ХК

Бүгін, 13 қыркүйекте "Барыс" ҚХЛ аясында өз айдынында челябілік "Трактормен" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Астаналық команда үшін бұл биылғы маусыдағы өз айдынындағы алғашқы матч. Мұның алдындағы сырт айдындағы төрт ойында "Барыс" ұтылып қалды да, бір ғана ұпай еншіледі. Команда Шығыс конференциясында 11-орында. 

"Трактормен" ойын 19:30-да басталады. Qazsport кездесуді тікелей көрсетеді. Сонымен қоса, трансляцияны телеарнаның ресми сайтынан тамашалай аласыз. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport