"Барыстың" өз алаңында өткізетін ойындары қаншада басталатыны белгілі болды

©"Барыс" ХК

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) ресми сайты "Барыстың" өз алаңындағы ойындары қаншада басталатыны туралы ақпаратпен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Барыстың" өз алаңындағы жұмыс күнгі ойындары Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да, ал демалыс және мейрам күнгі матчтары 17:00-де басталады. 

Айта кетейік, қазақстандық клуб ҚХЛ-дегі жаңа маусымды сырт алаңда минскінің "Динамо" (3 қыркүйек), СКА (5 қыркүйек), "Витязь" (7 қыркүйек) және "Сочиге" (9 қыркүйек) қарсы ойындармен бастайды. 

Ал өз алаңындағы алғашқы кездесуін "Барыс" 13 қыркүйек күні Челябінің "Тракторына" қарсы өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
26 қыркүйек, 14:44
Хоккей
“Барысқа“ жаңа бапкер келді