Хоккей
10 қыркүйек 2020 15:11
 
"Барыстың" ойынына қазылық жасайтын төрешілер коронавирус жұқтырып алды

  Пікірлер

blog.share

"Барыстың" ойынына қазылық жасайтын төрешілер коронавирус жұқтырып алды Сурет "Барыс" сайтынан алынды.

Құрлықтық хоккей лигасында "Барыс" пен "Куньлун" арасындағы кездесуде қазылық жасауы керек болған екі төрешіден коронавирус шықты. Бұл туралы қазақстандық клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

Төрешілердің аты аталмаған. Бірақ екеуінде де вирус симптомсыз өтіп жатыр екен. 

"Барыс" пен "Куньлун" арасындағы кездесудің бас төрешілері Денис Бондарь мен Владимир Суслов, ал қапталда Дмитрий Головлёв пен Антон Боряев жұмыс істеу керек болған", - делінген клуб таратқан хабарламада. 

Еске салайық, ойын бүгін, 10 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында 19:30-да басталады. Бұл "Барыс" үшін биылғы маусымдағы өз алаңында өткізетін бірінші ойын болады. 

Жарнама

Живи спортом!