"Барыстың" Мәскеудегі "Динамомен" матчіне тікелей трансляция

© "Северсталь" ХК
Бүгін, 14 қарашада астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында қарсылас мұзайдынындағы кезекті матчін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Андрей Скабелка жаттықтыратын команда Мәскеуде жергілікті "Динамо" хоккей клубымен ойнайды. Ойынның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 22:30. QazSport арнасы матчті тікелей көрсетеді.

Қазіргі таңда "Барыс" 25 матчте 32 ұпай жинап, Шығыс конференциясында алтыншы келеді. Ал "Динамо" 26 ойында 31 баллмен Батыс конференциясында бесінші.