"Барыстың" конференциядағы қарсыласының бірі бас бапкерінен айырылды

19 қыркүйек 2021 16:58
© "Барыс" ХК

"Амурдың" бас жаттықтырушысы Владимир Воробьев қызметінен кетеді. Онымен бірге клубтан оның көмекшілері де орындарын босатады, деп жазады Алексей Шевченконың телеграм-арнасы.

Әзірге команданы қақпашылардың жаттықтырушысы игере тұрмақ, алайда ертеңгі СКА командасына қарсы ойынға дейін "Амур" жаңа жаттықтырушымен қауышады. 

Бұл КХЛ-дің осы маусымындағы қызметтен кетіп жатқан үшінші жаттықтырушы. Бұған дейін ЦСКА-дан  Игорь Никитин және "Адмиралдан" Сегрей Востриков кеткен еді. 

Осы маусымда "Амур" жеті ойында үш ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнир кестесінде соңғы орында тұр. Ал 8 қыркүйекте өз мұзайдынында "Амурды" жеңген "Барыс" (3:2), бес ұпаймен "Шығыста" сегізінші орында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport