"Амурдың" бас жаттықтырушысы Владимир Воробьев қызметінен кетеді. Онымен бірге клубтан оның көмекшілері де орындарын босатады, деп жазады Алексей Шевченконың телеграм-арнасы.
Әзірге команданы қақпашылардың жаттықтырушысы игере тұрмақ, алайда ертеңгі СКА командасына қарсы ойынға дейін "Амур" жаңа жаттықтырушымен қауышады.
Бұл КХЛ-дің осы маусымындағы қызметтен кетіп жатқан үшінші жаттықтырушы. Бұған дейін ЦСКА-дан Игорь Никитин және "Адмиралдан" Сегрей Востриков кеткен еді.
Осы маусымда "Амур" жеті ойында үш ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнир кестесінде соңғы орында тұр. Ал 8 қыркүйекте өз мұзайдынында "Амурды" жеңген "Барыс" (3:2), бес ұпаймен "Шығыста" сегізінші орында.