"Барыстың ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы соңғы матчіне тікелей трансляция

© "Барыс" ХК
Бүгін, 26 ақпан астаналық "Барыс"  cырт мұзайдында Хабаровск қаласының "Амур" командасымен ойнайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл матч Андрей Скабелка жаттықтыратын команда үшін Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясындағы соңғы ойын. 

Ойынның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 15:00. Ойынды QazSport арнасынан тікелей тамашалауға болады. 

Айта кетейік, "Барыс" бұл ойынға Чернышев дивизионының жеңімпазы ретінде қатысады. Астаналық клуб Шығыс конференциясында екінші орынға ілігіп отыр.

Гагарин кубогында "Барыс" магнитогорлық "Металлургпен" кездесу өткізеді, ал "Амур" плей-офф кезеңіне шыға алмады.