"Барыстың" ҚХЛ плей-офф кезеңіндегі бірінші матчіне тікелей көрсетілім

©"Барыс" ХК

Бүгін, 1 наурызда "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңін бастайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандықтардың бірінші раундтағы қарсыласы "Металлург" болады. Матч Магнитогорскте өтеді, басталуы 20:00.

Тікелей трансляцияны Qazsport арнасынан және "Барыстың" ресми сайтынан тамашалауға болады.

Еске алайық, қазақстандық клуб тұрақты чемпионатты Шығыс конференциясында сегізінші орында аяқтады, ал "Магнитка" - бірінші орында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport