"Барыстың" ҚХЛ маусымындағы бірінші ойынына тікелей трансляция

©Барыс ХК

Бүгін, 3 қыркүйек күні "Барыс" Құрлықтың хоккей (ҚХЛ) лигасы маусымындағы алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Андрей Скабелка командасы сырт айдында Минскінің "Динамосына" қарсы ойнайды. Матч елорда уақытымен 19:20-да басталады.

Бұл кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, спорттық телеарнаның ресми сайтынан тамашалай аласыздар.

Еске салайық, өткен жылы "Барыс" пен "Динамо" ҚХЛ маусымын плей-офф раундының бірінші айналымында аяқтаған еді. Жеке ойындарына тоқталсақ, "Барыс" өз айдынында буллит сериясында 3:2 есебімен жеңіске жетсе, Минск қаласында "Динамо" 6:5 нәтижесімен басым түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport