"Барыстың" ҚХЛ жаңа маусымындағы алғашқы матчіне тікелей трансляция

"Барыс" ХК ©
Бүгін, 3 қыркүйекте "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) 2019/2020 маусымындағы алғашқы матчін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Андрей Скабелка жаттықтыратын хоккей командасы Нұр-Сұлтандағы мұзайдында Владивостоктың "Адмирал" командасын қабылдайды.

Кездесу "Барыс-Аренада" өтеді, басталуы жергілікті уақытпен 19:30.

Матчтің тікелей трансляцисын QazSport және ҚХЛ-ТВ арналарынан тамашалай аласыз, қазақстандық арнаның көрсетілімі мына сілтеме арқылы қолжетімді.