"Барыстың" ҚХЛ-дегі үшінші матчіне тікелей трансляция

©"Барыс" ХК

Бүгін, 7 қыркүйекте қазақстандық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасындағы үшінші матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Астаналық клубтың осы жолғы қарсыласы подольскілік "Витязь". Ойын Мәскеу маңындағы Балашихада өтеді, басталуы 22:00. Qazsport бұл кездесуді тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында да қолжетімді. 

Еске салайық, алдыңғы екі ойында "Барыс" минскілік "Динамоға" (3:4 буллитте) және петерборлық СКА (1:3) командаларына есе жіберді. Қазіргі таңда астаналықтар Шығыс конференциясында бір ұпаймен тоғызыншы орында. 

"Витязь" төрт ұпаймен Батыс конференциясында төртінші.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport