"Барыстың" ҚХЛ-дегі үшінші командамен ойынына трансляция

28 желтоқсан 2022 14:13
©"Барыс" ХК

Бүгін, 28 желтоқсанда "Барыс" ҚХЛ аясында кезекті матчін өткізеді. Қарсыласы новосібірлік "Сибирь", деп хабарлайды Vesti.kz.

Новосібірде өтетін ойын Астана уақытымен 18:30-да басталады. Матчті Qazsport тікелей көрсетеді. Онлайн-трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Бұл ойын алдында "Сибирь" 55 ұпаймен Шығыс конференциясында үшінші келеді, ал "Барыс" 41 баллмен сегізінші. 

Бұл астаналық команданың биылдыққа соңғы ойыны. Келесі матчті команда 3 қаңтар "Металлургке" қарсы өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport